Тікелей эфир

"Махаббат, қызық мол жылдар": Меңтайдың прототипі кім

Меңтай – өмірде болған үш қыздың жинақталған бейнесі.

"Ана тілі" басылымында жазушы Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" шығармасының кейіпкері – Меңтайдың прототипі болған Нұрғамила Нұр­босынованың келіні Тамара Тұрарқызымен сұхбат жариялады. 

Сұхбатта Тамара Тұрарқызы шығармадағы емес, өмірдегі "Меңтайдың" қандай болғанын сипаттайды. 

"Әзілхан Нұршайықов пен енем Нұрғамила Нұрбосынова – Өскемен өңірінің тумалары. Әзілхан көкені бірнеше мәрте Астанадағы үйімізде де, Кентауда да қонақ еткен едік. Дастарқан басында отырып, жазушыға сұрақты жаудыртатынбыз. "Меңтай – Нұрғамила анамыз ба?" дейтінбіз.  Сонда Әзілхан көке: "Бұл шығарманы жазарда үш курстас  қыздың бойындағы ең ізгі қасиеттерді, басынан өткен оқиғаларды теріп, бір арудың бойына жинақтаған едім. Нәтижесінде Меңтай дүниеге келді" деп жауап берген еді. Ол қыздың біреуі жазушының жары Халима апамыз, екіншісі менің енем, үшіншісі шығарманың басында жазылған, жазушы ұнатқан Орынкүл деген қыз.  Мен өзім үш  қызды да жақсы таныдым. Үшеуі де шығармада суреттелгендей қазақтың аса сұлу, арлы, абыройлы, жібек мінезді, көркем арулары", – дейді Тамара Тұрарқызы. 


Оқи отырыңыз: Мүсірепов театрының сахнасында – Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романы


Оның айтуынша, Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдарды" жазарда Нұрғамила Нұрбосынованың күйеуінің рұқсатын алған екен. 

"1960-1970 жылдары Әзілхан көке Түркістан өңіріне келіп, "Студент кезден бір шығарманы жазуды ойға алып жүр едім. Басты кейіпкер ретінде сіздің жолдасыңызды алмақ ниеттемін, рұқсат бересіз бе?" деп атама келеді. Атам жарықтық, мінезі жайдарылау, парасатты кісі, рұқсатын бірден береді. Әлі күнге дейін мені көпшілік ортада "Меңтайдың келіні" деп таныстырады", – дейді Тамара Тұрарқызы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары