Мәскеуде "Қазақстан мен Ресей достығы" сквері ашылды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
"Игі жоба Мәскеу қаласы үкіметінің бастамасымен қолға алынып, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі қолдауымен жүзеге асып отыр. Бұл – екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді. Сквердің Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарихи мемлекеттік сапары қарсаңында ашылып отырғаны да ерекше мәнге ие", – деді Андрей Яцкин.
Шара барысында Аида Балаева Ресей мен Қазақстанды ғасырлар бойы қалыптасқан тату көршілік дәстүрлері мен ортақ рухани құндылықтарға негізделген берік байланыс біріктіретінін айтты.
Бұл байланысқа тарихы тереңде жатқан мәдени ынтымақтастықтың үздіксіз дамуы негізгі тірек болып отыр. Министрдің пікірінше, мәдениет екі ел үшін де ағартушылыққа, ұлттық болмыс пен бірлікке бастайтын "рухани көпірге" айналды. Ол өз сөзінде осы жыл да халықтар арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстардың мызғымас дәстүрге және бай мазмұнға ие екенін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.
USD:
506.5 / 509.5
EUR:
590.0 / 595.0
RUB:
6.47 / 6.59
