Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Ол Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі. 

Марат Жүндібаев 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. Соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ, президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды.

Ол Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар.


Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды


"Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігімен келісім бойынша Ахметов Қайрат Жұмашұлы берген өтінішіне сәйкес өз қалауы бойынша атқарған қызметінен босатылды. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты!" – делінген әкімдік хабарламасында. 

Еске салсақ, Данияр Ақышевтың Елбасы көмекшісі қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған едік. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз