Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды", — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Марат Сұлтанғазиев облыс әкімі болып 2022 жылғы маусымда тағайындалып, сол жылдың желтоқсанында қайта тағайындалған болатын. Ол әр жылдары мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы және Қаржы вице-министрі қызметтерін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау