Маңғыстауда референдумға алғашқы болып келгендерге арнайы сыйлықтар үлестірілді

15 наурыз күні Маңғыстау облысының Қарақия ауданында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады.

Таңғы сағат 07:00-ден бастап аудан тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасау үшін учаскелерге келе бастады.

Аудандағы барлық референдум учаскелері заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, дауыс беру үдерісінің ашық әрі әділ өтуіне қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген. Учаскелер қажетті техникалық құралдармен жабдықталып, бақылаушылар мен комиссия мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруда.

Таңғы уақыттан бастап дауыс беруге келген тұрғындардың қарасы байқалды. Учаскеге алғашқы болып келген тұрғындардың бірі өз таңдауын жасап, дауыс берді. Дәстүрге сай, алғаш болып дауыс берген азаматқа сайлау комиссиясы тарапынан арнайы сыйлық табысталып, ізгі тілектер айтылды. Бұл игі бастама тұрғындардың белсенділігін арттыруға және сайлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында аудан тұрғындары өздері тіркелген учаскелерде дауыс беруге мүмкіндік алады.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз