Үш жылда мектепке бюджеттен 30 млн теңге артық қаражат аударылған.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің апталық жүктемесі 77 сағатты құраған. Бұл туралы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов хабарлады.
"Егер заң бойынша бір педагогқа бір жұмыс аптасында (алмастыру жүктемесімен бірге) 24/32 сағат қарастырылса, Еңбек кодексінде жұмыс аптасы 40 сағаттан аспауы керек деп белгіленген. Ал Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің аптадағы қызмет уақыты 77 сағатты құрайды", – деп жазды Дидар Смағұлов.
Сағат санын артық жазу арқылы мектепке 2019 жылы 6,2 млн, 2020 жылы 7 млн, 2022 жылы 17,1 млн теңге ақша артық аударылған. Үш жылдағы шығын 30 млн теңгеден астам.
"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдағы уақытта бұл мектепке аудит жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Оқи отырыңыз: "Каникулға шыққысы келмейтін оқушылар бар". Ғани Бейсембаев оқу жылын ұзарту жайлы
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
256
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
251
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
255
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
253
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
246
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
246
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
244
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
238
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
223
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
220
-
1
-
5
-