Тікелей эфир

Маңғыстауда ең төмен күнкөріс деңгейі 44 мың теңгеге жетіп, республикадағы орташа көрсеткіштен 14,3% асып түсті

Елдегі ең төмен күнкөріс деңгейі 1% азайды.  

Тауар мен қызмет бағасы 0,7% қымбаттағанда, елдегі ең төмен күнкөріс деңгейі 1% азайды, деп хабарлады Ranking.kz.  

2021 жылдың шілде айында ең төмен күнкөріс деңгейінің минимумы 38,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 14,1% көп (33,7 мың теңге). Бір ай ішінде ең төмен күнкөріс деңгейінің минимумы 0,9%-ға азайып отыр. 

Инфляция деңгейі жаңа антирекорд орнатты. 2016 жылдың соңынан бері бірінші рет инфляция 8,4% құрады. Бір айда:

  • азық-түлік тауарлары – 0,7%,
  • азық-түлік емес тауарлар – 0,5%,
  • ақылы қызметтер 0,8% қымбаттады. 

Өңірлер бойынша лидерлер:

  • Маңғыстау облысы – 44 мың теңге, республика бойынша орташа көрсеткіштен 14,3% көп;
  • Нұр-Сұлтан – 43,4 мың теңге, 12,8%;
  • Алматы – 40,8 мың теңге, 6,2%;
  • ШҚО – 39,6 мың теңге;
  • Павлодар облысы – 39,3 мың теңге. 

Тек осы қалалар мен облыстарда ең төмен күнкөріс деңгейі орташадан асады. Ал ең аз көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр – 34,7 мың теңге, республика бойынша орташа деңгейден 9,8% аз. 

Серіктестер жаңалықтары