Тікелей эфир

Маңғыстау облысында жалған доллар сатқан күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері күдіктіден жалпы сомасы 3850 АҚШ долларын құрайтын жалған ақша тәркіледі.

Маңғыстау облысында құқық қорғау органдары жалған ақша сатуға қатысты қылмыстық әрекеттердің жолын кесті. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Жалған ақша белгілерін, атап айтқанда 50 АҚШ долларын заңсыз сатты деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

"Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында құқық қорғау органдарына жалған валютаның сатылғаны туралы факті анықталды. Артынша күдіктіден заттай айғақ ретінде жалпы сомасы 3 850 АҚШ долларын құрайтын жалған ақша алынды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, осы іске қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.


Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек.


 

Серіктестер жаңалықтары