Тікелей эфир

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды

Тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева қылмыстық кодекстің "телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді.

Сонымен қатар белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын" әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді" деп бағалаған. Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын.

Сот барысында прокурор оның бас бостандығын төрт жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп үш жыл шартты жаза кескен.

Сонымен бірге белсенді жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады. Сотталушы Д. өзінің кінәсін мойындамай соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Д.-ның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді.

Сот, Д.-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары