Маңғыстау облысында 749 түп қарасора заңсыз өсірілген

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Аталған дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Маңғыстау облысында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түпқараған ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Ақшұқыр ауылындағы тұрғын үй ауласынан қарасораны заңсыз өсіру дерегін анықтады. 

"Тінту кезінде 749 түп қарасора өсімдігі, сонымен қатар ыдысқа салынған кептірілген қарасора және марихуанаға ұқсас оралған шөп тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың баламаларын заңсыз айналымға енгізу, өндіру, сақтау немесе өсіру – ауыр қылмыс болып саналады және заңмен қатаң жазаланады. Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі. Осы қағиданы ұстана отырып, Маңғыстау облысының полицейлері есірткі қылмыстарының жолын кесу және қоғамды зиянды әдеттерден қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары