Тікелей эфир

Маңғыстау облысында 12,5 мың оқушыға мектепте орын жетіспейді

Өңірде оқушыларға арналған мемлекеттік тілдегі 2 011 оқулық жетіспейді.

Маңғыстау облысындағы мектептерде 12 451 оқушыға орын жетіспейді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы студенттер саны 49,2%-ға дейін төмендеген, деп мәлімдеді ақпараттық талдау орталығының жетекшісі Мадина Тыныбаева.

"Маңғыстау облысында балабақшаларды кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі қолға қойылды. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелері мен мектептердің барлығы секундына 4 мегабит интернетпен қамтылды. Бұдан өзге балабақшаларда 1-6 жас аралығындағы балалар үлесінің азайғаны байқалады", – деді Мадина Тыныбаева.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Мектепке кітап сатып алу керек екен деп ойға келген әдебиеттерді алуға болмайды


Мұнымен қатар, сарапшы өңірде қосымша біліммен қамтылған азаматтардың үлесі 23%-дан 16,2%-ға дейін төмендегенін айтты.

"Мемлекеттік мектептерде 12 451 оқу орны жетіспейді. Сондай-ақ, жатақханалардағы техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелері ұйымдарының студенттерінің саны 61%-дан 49,2%-ға дейін азайған. Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі бойынша Маңғысту облысы соңғы орында тұр", – деп қосты Мадина Тыныбаева.

Бұдан өзге маман Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында бір де бір мектептің талапқа сай видеомен жабдықталмағанына назар аударды. Өңірде оқушыларға арналған мемлекеттік тілдегі 2 011 оқулық жетіспейді.

"Әрбір төртінші ұстаздың немесе колледж шеберінің категориясы жоқ. Әсіресе, Маңғыстау облысында – 44%, Түркістан облысы – 45%, Алматы  48%", – деді маман.

Еске салсақ, профессор Рахман Алшанов мектеп кітапханаларындағы ғылыми кітаптар үлесінің тым аз екенін сынға алған болатын. 2021 жылы қазақстандық мектептерге сатып алынған кітаптардың 80 пайыздан астамын әдеби туындылар құраған.

Серіктестер жаңалықтары