Бұл отын қуаңшылық салдарынан пайда болған жем-шөп тапшылығын жоюға жұмсалады.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Қарақия мен Маңғыстау ауданы ауыл шаруашылығы саласына қолдау ретінде жыл соңына дейін 100 мың литр дизель отынын көмек ретінде жолдайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл шаруаларын қолдау шарасы шілде айынан басталған. Осы күнге дейін Қарақия ауданына 15 500 литр және Маңғыстау ауданы қажеттіліктеріне 5 мың литр дизель отыны жолданды. Бұл отын қуаңшылық салдарынан пайда болған жем-шөп тапшылығын жоюға жұмсалмақ.
"Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, "Кендірлі-Қаясан" мемлекеттік табиғи қорығы, Темірбаба, Сәрсенбай кен орны, Сайөтес жері мен Ақтөбе облысында жалпы саны 8 шөп орушы бригада қызмет етіп жатыр. Күні бүгінге дейін 2 322 тонна шөп орылып, Қарақия ауданына қарасты Құланды, Жетібай, Мұнайшы, Бостан, Сенек, Құрық және Болашақ ауылдары шаруаларының арасында үлестірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 4 мың тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Бұдан өзге, Қарақия ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастыруымен компания жүк тасымалдаушыларға дизель отынын береді. Компания осылай жол шығынан өтеу арқылы өлкеге сырттан әкелінетін жем-шөп бағасын тұрақтандырмақ.
Еске салсақ, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының азаматтары қуаңшылықтан қиналған Маңғыстауға 25 вагон жем-шөп жөнелтті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-