"Мәңгі достық пен шынайы тату көршілік шекарасы". Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы шартты тарихи құжат деп атады

Фото: Ақорда ресмитсайты
Фото: Ақорда ресмитсайты
Екі ел арасындағы Мемлекеттік шекара туралы шартқа – 20 жыл.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.

"Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды", – деп жазылған Қазақстан президентінің жеделхатында.

Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.

Серіктестер жаңалықтары