Маңғыстау облысында жағдай тұрақты – Нұрлан Ноғаев

Жол, теміржол қозғалыстары біртіндеп қалпына келіп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев түсіністік танытып, сабырлылық көрсеткен маңғыстаулықтарға алғысын айтты.

Өңір басшысының сөзінше, халықтың қолдауы арқасында қақтығыстар орын алған жоқ.

"Біз осы 2-3 күннің ішінде арандату әрекеттерінің, әскери және азаматтық техникаларды басып алуға ұмтылғандардың болғанын жоққа шығармаймыз. Алайда қалың халықтың қолдауы мен елдің түсіністігі арқасында қақтығыстарға, оқыс жағдайға жол бермедік. Халықпен бірге әлі де жағдайды тұрақтандыру бағытында бірлескен жұмыстар атқара береміз деп сенемін", – деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі қазір өңірде жағдай тұрақты екенін хабарлады. Жол, теміржол қозғалыстары біртіндеп қалпына келіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз