USDUSD: 511.7 / 514.1
  • EUREUR: 576.0 / 582.0
  • RUBRUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Мамырда демалыс күні ауыстырылады. Қалай демаламыз

Демалыс 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылмақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамырдағы мейрам күндеріне байланысты демалыс күні қалай ауыстырылатынын хабарлады. 

"Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын", – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында

Сәйкесінше, қазақстандықтарға 7-9 мамыр аралығында демалыс беру жоспарланған. 

Жалпы, мереке және демалыс күндерін қосқанда қазақстандықтар мамырда барлығы 11 күн, атап айтқанда келесі күндері демалады: 1, 5, 7-9, 11-12, 18-19, 25-26 мамыр. 

Еске салайық, мамыр айында үш мереке бар: 

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр – Жеңіс күні. 

Оқи отырыңыз: В Казахстане отказались от военных парадов в 2024 году. Почему?


Құжат жобасы 25 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған. 

Серіктестер жаңалықтары