АҚШ ғалымдары адамдарды құтқаруға арналған дрон жасап шығарды

Құрылғыны компания патенттеген әдіс арқылы басқарып, тұрақтандыруға болады.

Dronut X1 дроны айналасындағы заттарға тиіп ұшса да, ешқайсысына зиын келтірмейді. Сондай-ақ, адамдар үшін де толықтай қауіпсіз. Оның корпусы көміртек талшығынан жасалған, деп хабарлайды hightech.fm сайты.

Ұшқышсыз ұшатын құрылғының диаметрі – 17 см, ал биіктігі – 10 см. Салмағы – 425 г. Dronut X1 4 м/сек жылдамдықпен ұша алады. Сондай-ақ, 15 км/сағ жел соққанда бір километрге дейін ұшады. Ал қуаты 12 минут ұшып жүруге жетеді.

Құрылғыны компания патенттеген әдіс арқылы басқарып, тұрақтандыруға болады. Дронның лидары, 4к камерасы, светодиоды бар. Бұлардың барлығы қараңғы және тар кеңістікте ұшып жүруге мүмкіндік береді. Барлық мәліметті Qualcomm Snapdragon процессоры өңдеп отырады.

Оны алдағы уақытта құтқару операцияларында немесе инженерлік құрылымдар туралы ақпарат алу үшін пайдалануға болады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз