Тікелей эфир

Макрон: Қазақстан мектептеріне француз тілі сабағы қайта оралуы үшін бар күшімізді саламыз

Сондай-ақ, Франция президенті 2024 жылдың күзінде қазақ-француз университеті жұмыс істей бастайтынын хабарлады.

Астанаға ресми іссапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макрон Париж Қазақстан мектептеріне француз тілі сабағы қайта оралуы үшін бар күшін салатынын мәлімдеді. Кеңейтілген отырыс кезінде Франция президенті екі тараптың көптеген маңызды тақырыптарды талқылағанын атап өтті. Оның ішінде, энергетика, фармацевтикалық компаниялар арасындағы әріптестік, ауыл шаруашылығы саласындағы біраз жобалар бар. 

"Негізінен, екі ел арасындағы мәдени байланыстың тығыз болғанын қалар едік. Осы бағыттағы қарым-қатынасымызды дамытқымыз келеді. Қазіргіден де көбірек нәтижелерге қол жеткізсек дейміз. Мәселен, біз үшін қазақ мектептеріне француз тілі сабағының қайта оралғаны аса маңызды. Осы мақсатта жасалатын жұмыстарға күш салуға дайынбыз. Мен екі елдің білім білу ұйымдары арасында жасалған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артамын", – деді Эммануэль Макрон.

Сондай-ақ, Макрон Қазақстан мен Францияның білім беру саласындағы әріптестігі қайта жанданып, келесі жылдың қыркүйегінде қазақ-француз университеті жұмыс істей бастайтынына қуанышты екенін жеткізді. Ол студенттік байланыс пен мобильдікті дамытудың маңызды екенін атап өтті. 

Серіктестер жаңалықтары