"Мәйіт басқа адамдыкі болып шықты". Таразда "өлдіге" санаған зейнеткер бір жылдан соң табылды

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com
Жоғалған зейнеткердің өлімі туралы куәлік сот шешімімен жойылды.

Жамбыл облысында туыстары мәйітін танып, "өлдіге" санаған зейнеткер әйел көп ұзамай үйіне аман-есен оралған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Соттың мәліметінше, 73 жастағы әйел 2024 жылғы тамыз айында Таразда тұратын әпкесінің қасына көшіп кеткен. Алайда былтыр әпкесі полицияға арызданып, Құрбан айт мейрамынан кейін оның жоғалып кеткенін айтқан. Дәл сол жылдың тамызында ауыл маңындағы өрістен бір адамның мәйіті табылады.

Зейнеткердің қызы мен немересі оны жоғалған әйелдің денесі деп танып, қайтыс болғаны туралы жазба тіркеліп, тиісті куәлік берілген. Бірақ 2025 жылғы қыркүйекте жоғалған зейнеткер Жамбыл ауданының Қостөбе ауылына ағасының үйіне аман-есен оралған.

"Осыған байланысты зейнеткердің қызы сотқа жүгініп, анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіруді және қайтыс болғаны туралы жазбаны жоюды сұраған. Оның айтуынша, анасының кез келген уақытта туыстарына немесе басқа да жерлерге кетіп, ұзақ уақыт үйде болмайтын әдеті бар. Сот барысында ауылдан табылған мәйіт басқа адамға тиесілі екені анықталды. Қайта сараптама жасалып, марқұмның жеке басы анықталды, осылайша қылмыстық іс тоқтатылды. Ал "өлдіге" саналған қарт әйел Құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына барып, пияз жинауға жұмысқа орналасқан. Алайда ай сайынғы зейнетақысы тоқтап қалған соң, себебін білу үшін Таразға келген. Сол кезде өзінің "қайтыс болғанын" білген", – делінген хабарламада.

Жамбыл аудандық сотының шешімімен зейнеткер әйелдің қайтыс болғаны туралы куәлік жарамсыз деп танылып, акт жазбасы жойылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз