Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді.
12-15 тамыз аралығында магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді.
Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жоо-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжаттарды дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- КТ сертификаты және бар болған жағдайда шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар.
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама (оны жоғары оқу орнына түскенде тапсыруға рұқсат етіледі).
Оқи отырыңыз: Магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі
"2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың ең көп саны педагогикалық мамандықтар үшін қарастырылған – 3 642. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 3 429 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 1 278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1233, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар – 527 грант бөлінді", – деді ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Биыл барлығы 43 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Олардың 42%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 71 балл. Бір қатысушы максималды 150 балдың 140-ын жинады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1‼️ Бос қалған білім гранттарына 4 мыңнан астам үміткер ие болды
-
308
-
0
-
0
-
-
2Марқакөл қорығында жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жетті 🌨
-
271
-
0
-
2
-
-
3🐥 Бидайық құсы араға 30 жыл салып Алматы қорығына қайта оралды
-
190
-
0
-
0
-
-
4👨💻 Қазақстанда IT қызметі көлемі өсіп келеді
-
189
-
0
-
0
-
-
5🌷 Ерекше құбылыс: Көкшетау паркінде сарғылт кестежусан бір жылда екі рет гүлдеді
-
163
-
0
-
2
-