Мәдениеттанушы NEET санатындағы жастардың пайда болуына психологиялық, отбасылық, этносаралық және басқа да себептер бар екенін айтады.
NEET жастарының мәселесі оларға жұмыс тауып берумен шешілмейді, деді мәдениеттанушы Роман Бұрқаш AbaiTV арнасының "Сана" бағдарламасында.
"Себебі белгілі бір мемлекет жастарға жұмыс тауып берумен қатар одан кейінгі өмірін де ойлауы керек. Мәдениет және әлеуметтік салада қалай дегендей. Әйтпесе, колхоздандыру кезінде де жұмыссыз жүру деген өте айыпты тенденция болып көрінетін", – дейді маман.
Мәдениеттанушы бұл мәселеде дамушы мемлекеттер мен дамыған мемлекеттердің айырмашылығы туралы айтты.
"Дамыған мемлекет бәрін алдын ала ойлап, ескереді. Ал дамушы мемлекет тек қана жұмыспен қамтиды. Дамушы мемлекеттер, әсіресе соғыстан көз ашпаған елдер өздерінің NEET ұрпағына қол сұқпаса да жақсы болар ма еді деген ой келеді. Себебі қол сұқса, мәселе одан сайын ушығып, текетірес одан сайын өршіп кетуі мүмкін. Себебі, алдыңғы буын бұларды жұмысқа жеккісі, еңбегін пайдаланғысы келеді. Ал жастар еркіндікті қалайды", – дейді Роман Бұрқаш.
Оқи отырыңыз: Жастар жұмыссыздығы қай өңірлерде жоғары?
Мәдениеттанушы NEET санатындағы жастардың пайда болуына психологиялық, отбасылық, этносаралық және басқа да себептер бар екенін айтады.
"Тоқсаныншы жылдары "тәуелсіздік алдық" деп айтып келдік. Тәуелсіздік алғаннан кейін әбден материалдық қысым көргенідктен, "Орта Азия барысы боламыз", "экономика тұрғысынан дамыған ел боламыз" деп түгелдей бір ұлтты тек қана материалдық құндылықтарға негіздей бердік. Ал мына жақта бодандық, қиындық көрмеген тағы бір ұрпақ өсіп келе жатыр. 10-20 жылда бір ұрпақ қалыптасады. Олардың да қажеттіліктерін ескермей қалған кезде осындай ортада алдыңғы буын мен кейінгі буынның арасында қақтығыстар пайда болады", – дейді мәдениеттанушы.
Айта кетейік, NEET термині ағылшын тіліндегі "Not in Empoloyment. Education or Training" ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақ тілінде "не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам" дегенді білдіреді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-