Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға дейін анимациялық фильмдерді 35 пайыз арттыруды жоспарлап отыр.
"Бесік жыры" қысқаметражды анимациялық фильмі Мадридте өткен беделді кинофестивальде "Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм" жүлдесін жеңіп алды. Халықаралық байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылған, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстандық анимациялық фильмнің беделді халықаралық байқаудың бас жүлдесін иеленгені – отандық анимация саласының оң бағытта дамып келе жатқанының көрсеткіші деп санауға болады. Мәдениет және спорт министрлігі 2030 жылға дейін жалпы прокаттағы қазақстандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ол үшін жыл сайын кемінде 10 анимациялық жоба жасалатын болады", – деді мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Министр өткен жылы "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылғанын еске салды. Аталған ұйым отандық анимация мамандарының шеберлігін шыңдап, анимациялық жобаларды шығаруға қолдау көрсетеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда отандық фильмдердің прокаты 2030 жылға дейін 35 пайызға артады
Айта кетейік, "MADFA Madrid Film Awards – 2023" – жыл сайын өз алаңында әлемнің ең үздік туындылары мен талантты режиссерлердің басын қосатын кинофестиваль.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
274
-
0
-
5
-
-
2🥉 Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
-
275
-
0
-
6
-
-
3🥳Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды
-
262
-
0
-
4
-
-
4🥈 Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
-
276
-
0
-
6
-
-
5🏘Үйлі болуды армандаған 233 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылады
-
260
-
0
-
6
-
-
6🤩🥈Ескекшілер тағы бір күміс сыйлады
-
255
-
0
-
9
-
-
7🚕Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді
-
258
-
1
-
6
-
-
8🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
235
-
0
-
3
-
-
9Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
239
-
0
-
2
-
-
10🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
246
-
0
-
8
-