
Кездесуге жиналғандардың бірі өнер және спорт үйірмелерін ашып беруді сұраса, енді бірі танылмай жатқан таланттарға қолдау көрсету қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ Абаев бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспармен таныстырды.
Қазіргі таңда министрлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен барша қаланы аралып, халықпен кездесіп жатыр. Өйткені, халық министрліктің жұмысынан, ал шенеуніктер қарапайым жұрттың мәселесінен хабардар болу керек.
"Біз мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптастыруымыз керек. Жалпы министрліктің жұмысынан өңір халқы толық хабардар болуы қажет. Әрі қарапайым тұрғындар арасындағы мәселелер көтеріліп, шешімін табуы тиіс. Сондықтан бүгінгі жиында көтерілген барлық проблема назарға алынып, алдағы жоспарға енгізілетін болады", – деді министр өз сөзінде.
Осылай деп сөз бастаған Мәдениет және спорт министрі алдағы жоспар бойынша баяндама жасады. Айтуынша, биылдан бастап қаламгер мен баспагерлерге 2 әдебиет сыйлығы беріледі. Әрі министр, Алматы қаласында бастау алған отандық авторлар мен баспагерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған кітап жәрмеңесін Шымкентте өткізуді ұсынды.
Дәурен Абаев ҚР мәдениет және спорт министрі: "Сыйлық 7 номинация бойынша беріледі. Олар "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драматругия", "Үздік әдеби аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік комикс" және "Үздік кітап дизайны" деген номинациялар бойынша. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі. Яғни, жалпы жүлде қоры 35 млн теңге".
Кездесуге жиналған жұрт министрге сұрақ пен ұсыныстарын жаудырды. Мәселен, Шымкенттегі этномузей директоры мекемеге әлі күнге дейін мемлекет тарапынан қаржы бөлінбегенін айтты.
"Бұл музейді салғанымызға 18 жыл болды. Мемлекеттен бір тиын да алмаймын. Бірақ халықаралық деңгейде қосып қойдым. Өйткені, онда қазақ ғалымдарының құнды жәдігерлері сақталған. Бұған дейін шет елдің мәдениет министрлері келген. Енді еліміздің мәдениет министрі мен Шымкент қаласы әкімшілігін шақырамыз. Келіңіздер", – деді этномузей директоры.
Жалпы министрдің халықпен кездесуі 2 сағатқа созылды. Халық Мәдениет және спорт министрінен көтерілген мәселелердің шешілуін сұрады. Ал Дәурен Абаев барлығын тиісті деңгейде қарастыратын жеткізді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
395
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
345
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
326
-
0
-
2
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
344
-
0
-
1
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
315
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
303
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
283
-
0
-
4
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
318
-
0
-
4
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
320
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
311
-
0
-
0
-