Ойын бизнесі саласы Қазақстанда қазіргі таңда 4 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Қазақстан тарапынан Каспий теңізінің пакеттік турлары ұйымдастырылуы мүмкін. Өйткені бірқатар Каспий маңы елдерінде құмар ойындарға тыйым салынады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің туристік саланы дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы құжатында жазылған.
Елде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға 50 қолданыстағы лицензия бар, оның ішінде 6 казино, 10 ойын автоматтары залы, 26 букмекерлік кеңсе және 8 тотализатор. Онда 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.
"Бүгінгі күні 8 тотализатордың ешқайсысында тіркелген салық салу объектілері жоқ, яғни іс жүзінде бұл бағыттағы қызмет жүзеге асырылмайды. Бұл мән-жайлар оларды Алматы облысының Қапшағай су қоймасының аумақтарындағы және Ақмола облысының Бурабай ауданындағы құмар ойын аймақтарына шығаруға байланысты. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстанда 45 ипподром жұмыс істейді, оның 33-і мемлекеттік және 12-сі жеке меншік. Бұл ретте тек 4 ипподромның техникалық және инфрақұрылымдық жарақтандырылуы жарыс кезінде жарыстарды кәсіби ұйымдастыру және сапалы телевизиялық көрсетілімдер үшін қажетті шарттарға сәйкес келеді. Бұл ипподромдар қаржыландыру көзінің болмауына байланысты қиындықтарға тап болып отыр", – делінген құжатта.
Оқи отырыңыз: Алтын-Емел мен Шоқанның жолы. Туризм ауылдар тұрмысын қалай өзгертіп жатыр?
Министрлік мәліметінше, осыған байланысты ипподромдар үшін қосымша қаржыландыру және коммерцияландыру көздерін құру және жалпы ат спорты индустриясын дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында ипподромдар аумақтарындағы тотализаторлардың қызметін шешу мәселесі пысықталмақ.
"Туристік саланың бір бөлігі ретінде ойын бизнесін дамыту мақсатында пакеттік ұсыныстарды пысықтау қажет болады. Осындай ұсыныстардың бірі Қазақстан тарапынан Каспий теңізінің пакеттік турлар ұйымдастыру. Өйткені бірқатар Каспий маңы елдерінде құмар ойындарға тыйым салынады", – деп хабарлады министрлік.
Тұжырымдама жобасы 3 наурызға дейін Ашық НҚА порталында онлайн талқыға ұсынылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-