USD: 462.5 / 465.1
  • EUR: 533.0 / 538.0
  • RUB: 5.27 / 5.39
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

"LOTUS FEST-2026" фестивалінің ашылу салтанатына 3000-ға жуық адам қатысты

"LOTUS FEST-2026" фестивалінің ашылу салтанатына 3000-ға жуық адам қатысты
Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында “LOTUS FEST-2026” мәдени-туристік фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Фестивальдің ресми бөлімінде Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев қатысып, тұрғындар мен қонақтарды айтулы шараның ашылуымен құттықтады.

–  Бүгінгі "LOTUS FEST-2026" фестивалінің ашылуымен құттықтаймын. Бұл іс-шара – лотос алқабының табиғи сұлулығын көпшілікке танытып қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, осындай ерекше табиғи нысандарды туристік бағытқа айналдырып, Атырауға келетін қонақтар санын көбейтуге жол ашады, – деді аудан әкімі.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендер алдында "Sarmad" этно-фольклорлық ансамблі, "Жайық қызы" халықтық би ансамблі өнер көрсетіп, эстрада жұлдызы Қуандық Рахым ән шырқады.

Фестиваль лотос алқабының табиғи ерекшелігін танытып, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға бағытталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау