Ливерпульде көлік жүргізушісі шеруге қатысушыларды қағып, 47 адам зардап шекті

Фото: REUTERS/Phil Noble
Фото: REUTERS/Phil Noble
Қазір күдікті қамауда отыр.

Ливерпульде жеңіл көлік жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүйткіп келіп, алаңда жүрген чемпиондық шеру қатысушыларын қағып кеткен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Салдарынан 47 адам зардап шекті. Сәтін салғанда көлік қаққан футбол жанкүйерлері жеңіл жарақат алған. 

Дәрігерлер оқиға орнында 20 науқасқа көмек көрсетіп, қалған 27 адамды аурухана жеткізген. Ал желіде жарияланған келесі жазбада полицейлердің апат орнын қоршамақ болғаны байқалады. 

Өйткені, куәгерлер рөлде отырған жүргізушіні сыртқа шығарып, соққының астына алуға оқталған. Бірақ ойлары іске аспаған. Қазір күдікті қамауда отыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары