USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

LEZ жобасы: Алматыда 134 жаңа жол белгісі мен ақпараттық тақта қойылып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда төмен эмиссия аймағына арналған жол белгілерін орнату басталды.

Алматыда төмен эмиссия аймағының (LEZ) пилоттық жобасы шеңберінде жол белгілері мен ақпараттық тақталарды орнату жұмыстары басталды. Бұл туралы "Алматы паркинг" ШЖҚ КМК өкілдері хабарлады.

"Ақпараттық құрылымдар Бөгенбай батыр, Желтоқсан, Абай және Достық көшелері аумағындағы пилоттық аймақтың кіреберістеріне орналастырылуда. Жоба аясында жалпы саны 134 жол белгісі мен ақпараттық тақта орнату жоспарланған. Олардың қатарында төмен эмиссия аймағына кіреберісті білдіретін 5.50 экологиялық белгілер, аймақтан шығуды көрсететін 5.51 белгілері және жол қозғалысына қатысушыларға арналған ақпараттық тақталар бар", – делінген хабарламада.

Мекеме мәліметінше, бұл жұмыстар 28 сәуірде басталған LEZ жобасының техникалық пилоттық кезеңінің бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта көлік қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайды, айыппұл салу немесе аймаққа кіру үшін төлем алу қарастырылмаған.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – цифрлық инфрақұрылымды сынақтан өткізу, көлік ағындарын есепке алу жүйелерін баптау және көліктің ауа сапасына әсерін талдау үшін деректер жинау.

Мамандардың айтуынша, пилоттық режим жобаның әкімшілендіру және цифрлық жүйелерін толық енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін олардың жұмысын тексеруге мүмкіндік береді.

Еске салайық, техникалық пилоттық кезең 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында аймақ аумағында көлік қозғалысы қалыпты режимде сақталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз