Тікелей эфир

Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін ақбөкен санын сақтау жолындағы жетістігімен құттықтады

Қазір елдегі ақбөкендер саны 2 миллионға жуықтаған.

Белгілі актер Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін ақбөкендер санын сақтау жолындағы жетістігімен құттықтады. Ол өз парақшасында "енді ақбөкендерге критикалық жойылып кету қаупі төніп тұрған жоқ" деп жазды. 

Cкриншот Леонардо Ди Каприоның Instagram парақшасынан алынды

Актер жойылу қаупі төнген киіктердің Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабындағы «Критикалық қауіп төнген» санатынан «Қауіп төнуге жақын» санатына ауысқанын сөз еткен.

"Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталуына осындай бұрын-соңды болмаған қалпына келтіру шаралары ықпал еткен. 2005 жылы жабайы табиғаттағы ақбөкен саны небәрі 48 мың болса, қазір олардың саны 1,9 миллионға дейін жетіп отыр. Браконьерлікке қарсы бастамаларға, құқық қорғау саласын нығайтуға және қорғалатын жаңа табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдары, университет және ғалымдармен ынтымақтастығы – табиғатты қорғау саласындағы шынайы табыстың тамаша үлгісі", – деп жазды Ди Каприо. 

 Голливуд актері Леонардо ди Каприоның қоры бірнеше жылдан бері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды дамыту мақсатында жүзден астам ұйымдарға қомақты қаржы бөліп келеді. Актер қоршаған ортаны қорғау бойынша қайырымдылық істерге белсене араласқаны үшін 2014 жылы БҰҰ ауа-райы мәселелері бойынша әлем елшісі болып тағайындалған. 

Серіктестер жаңалықтары