Тікелей эфир

Латвияда 20 жасқа толмаған азаматтарға темекі тартуға тыйым салынады

Ережеге бағынбағандар айыппұлмен жазаланбақ.

Ел билігі жаңа заңды 2025 жылдан бастап қабылдайды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Балтық теңізінің жағасындағы мемлекеттің 20 жасқа толмаған қыз-жігіттері шылым мен электронды темекіні шексе – 15 еуро, яғни 7 жарым мың теңге айыппұл арқалайды. Ал табак өнімін сатқан кәсіпкерлер 140 мың мен 345 мың теңге аралығында әкімшілік жазаға тартылады. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап Латвияда электронды темекіге арналған сұйықтықты сатуға да шектеу қойылады.


Оқи отырыңыз: Темекі түтінінсіз болашақ: Оған 2030 жылға қарай қол жеткізу қаншалықты мүмкін?


Айта кетейік, Еуропа Одағына мүше мемлекеттерде темекінің кесірінен жылына 700 мың адам көз жұмады. Сондықтан бірқатар елдер шылым тартатын азаматтардың санын азайту үшін заңдарды күшейтіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары