Маман желіге тәуелділігі бар адамға психолог немесе психотерапевпен жұмыс істеуге кеңес береді.
Әлеуметтік желілер миға қатты әсер етіп, тіпті тәуелділікке апарып соқтырады, дейді медициналық психолог Диана Лобанова Lenta.ru сайтына берген сұхбатында.
Психолог әлеуметтік желілердің қазіргі әлемнің ажырамас бөлігіне айналғанын, алайда оның адам писхикасына зиян екенін айтты.
"Әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт отыру зейінді төмендетеді және тәуелділікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, желіде миллиондаған жазылушылары мен достары болғанына қарамастан, адамдар өзін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жалғыз сезіне бастады", – дейді маман.
Оқи отырыңыз: Смартфон бала үшін неге ата-анадан да жақын? Психолог жауабы
Психолог әлеуметтік желілерге тәуелділіктің бірқатар белгісін атады.
"Адамдар қандай да бір себептермен желіге кіре алмаса, тітіркене бастайды. Шынайы қарым-қатынастан бас тартып, бірнеше күн бойы желіде отыра беруі мүмкін. Кейде тіпті тамақтан бас тартуы немесе жүйелі тамақтанбауы мүмкін. Сонымен қатар жарияланған жазбасын немесе фотосына басылған лайк саны аз болуы көңіл-күйінің өзгеруіне әсер ете алады", – деді психолог.
Маманның айтуынша, адамдар ләззат алу, стрессті азайту үшін де желіге тәуелді болуы мүмкін. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер адамның қажеттіліктерін өтеу құралы ретінде де әрекет ете алады.
Сондықтан Диана Лобанова желіге тәуелділігі бар екенін білген адамға проблеманы өз бетімен шешу қиын болса, психолог немесе психотерапевтпен жұмыс істеуге кеңес береді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
322
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
293
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
272
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
264
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
258
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
297
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
282
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
320
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
318
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
258
-
0
-
0
-