Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталып жатыр, күзгі каникул кезеңі 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
- "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру шеңберінде "Демалыста кітап оқимыз" іс-шарасы;
- "Буллингтен қорған!" қауіпсіздік сабағы;
- "Мектеп театрының" жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
"Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет", – делінген министрліктің хабарламасында.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

