Ауылдан көлік тоқтайтын тас жолға жету үшін екі шақырымдай жаяу жүру керек.
Петропавлдан отыз шақырым жердегі Подгорный ауылынан облыс орталығына қатынайтын бірде-бір қоғамдық көлік жоқ, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Тұрғындардың айтуынша, билік соңғы рет күзде өткен сайлаудың алдында автобусты іске қосып, саяси науқан аяқталғаннан кейін бір ай өткенде бағытты жауып тастаған. Қоғамдық көлік жүрмегендіктен тұрғындар қалаға жету үшін көлік жалдауға мәжбүр. Оған шамасы келмегендер жолдың арғы бетіне шығып көлік тоқтатады. Ал ауылдан тас жолға жету үшін екі шақырымдай жаяу жүру керек.
"Алты балам бар. Олардың ішінде қалаға барып-келіп колледжде оқитындары бар. Демалыс сайын үйге келеді. Сонда баруына – 2500 теңге, келуіне – 2500 теңгеден аптасына 5 мың теңге жұмсаймын. Біз миллионер емеспіз. Ары қарай өтетін автобустарға отырып екі-үш шақырым жаяу келуге де дайынбыз. Бірақ олардың қаланың маңындағы ауылдарға жолаушы алғысы келмейді", – деді Подгорный ауылының тұрғыны Елена Капуцкая.
Оқи отырыңыз: Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ
Жергілікті билік бұған дейін ауылға бірнеше рет автобус жібергенмен, оны қайта тоқтатуға мәжбүр болғанын мойындайды.
"Жолаушылар санының аздығы тасымалдаушыларға тиімсіз болды. Екінші мәселе, субсидияны аудан бюджетінен салуымыз керек. Осы жолы жақын маңдағы үш ауылды қосып, бағытқа бір автобус шығаруға уәде береміз", – деді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шакубаев.
Алайда, әкім-қаралардың уәдесінен шаршаған халық облыс әкімінің алдына дейін бармақ.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
270
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
271
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
264
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
276
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
303
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
328
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
292
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
291
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
295
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
276
-
0
-
0
-