Тазартылған майдың өндірісі – 37%, ал тазартылмаған түрінікі 6% өсті.
2021 жылдың қаңтар-маусым айында ел бойынша 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы өндіріспен салыстырғанда 5,9% көп. Ал тазартылған майдың өндірісі 37,4%-ға, яғни 76,9 мың тоннаға көп.
Ең көп тазартылмаған күнбағыс майын Шығыс Қазақстан облысы өндірді – 67,4 мың тонна немесе жалпы өнімнің 72,2%-ы. Сондай-ақ, үштікке Қостанай мен Ақтөбе облыстары кірді.
Тазартылған май өндіруден Шымкент көш бастап тұр – 34,9 мың тонна немесе жалпы өнімнің 45,4%-ы. Екінші және үшінші орын ШҚО мен Алматыға тиесілі.
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында жергілікті компаниялар сұранысты 83,2% қанағаттандырды. 2020 жылы тек 75,5% қанағаттандырған еді. Жалпы мемлекет бойынша 138,6 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7% көп.
Оқи отырыңыз: Азық-түлік бағасы бір жылда 12%-ға өскен: ұн, май, қант едәуір қымбаттады
Хабар24 арнасының мәліметінше, Қазақстанда май өндірісімен айналысатын 4 ірі кәсіпорынның екеуі бос тұр. Оларға нарықтың 17%-ы тиесілі еді. Сондай-ақ, биыл импорт 50%-ды құрады. Екі ірі кәсіпорын жұмысын тоқтатқандықтан, шетелдік өнім отандық азық-түлік түрлерін нарықтан ығыстырып жатыр.
2020 жылы әлеуметтік маңызы бар тағамдар әлем бойынша шамамен үш есе қымбаттады. 2021 жылдың маусым айында дүкен мен базарларда күнбағыс майының бағасының литрі 713 теңгеден сатылды.
- ең қымбат баға Түркістан қаласында – 773 теңге;
- ең арзан Ақтөбеде – 621 теңге.
Ал жылдық баға динамикасы көрсеткіші бойынша, май бірден 60,4%-ға қымбаттаған:
- Қарағанды – 80%;
- Алматы – 75,9%,
- Батыс Қазақстанда 73,9% қымбаттады.
Өзге 16 өңірге қарағанда, Атырау облысында күнбағыс майының бағасы арзандау болды. Бір жылда 38,1% қымбаттады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматының біреуі табылды
-
321
-
0
-
0
-
-
2Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды
-
305
-
0
-
0
-
-
3Түркиядан Қазақстан азаматтарының екінші тобы оралды
-
290
-
0
-
4
-
-
4🇰🇿🇹🇷Эксподағы Нұр-Әлем шарында Түркия байрағы бейнеленді
-
282
-
1
-
7
-
-
5💰 Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады
-
243
-
0
-
2
-
-
6⚡️Бекзат Жүсіпов «Qazcontent» АҚ төрағасы болып тағайындалды
-
209
-
0
-
3
-
-
7💰Үкімет қаулысы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
-
211
-
0
-
3
-
-
8⚡️Қазақстанда «Жастар еңбек жасақтары» құрылады
-
194
-
0
-
2
-
-
9Қазақстан құтқарушылары Газиантеп қаласындағы үйінді астынан 3 адамды құтқарды
-
187
-
0
-
3
-
-
10Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады
-
181
-
0
-
0
-