"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 19-21 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел соғады және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жауады.
Қазақстанныңң батысында және солтүстік-батысында антициклон сілемінің әсерінен ауа райы ашық болады. Республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Батыста күндіз 20-31 градус жылы болса, түнде 5-18 градусқа төмендейдіі. Солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа температурасы түнде 3-11градусқа дейін төмендейді, күндіз 13-25 градусқа дейін жоғарылайды.
Оқи отырыңыз: Кәсіп ашатын азаматтарға қайтарымсыз несие беріледі.
Орталықта ауа температурасы түнде 2-10 градусқа дейін төмендесе, күндіз 13-21 градус болады. Шығыста түнде 3-11 градус салқын, ал күндіз ауа температурасы 10-18 градус болады.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 8-13 градусқа дейін, ал таулы аймақтарда түнде 2-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 15-25 градус жылы болса, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді.