USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Кумбха Мела" фестивалі: Үндістанда діни мереке кезінде 15 адам қаза болды

Фото: MahaKumbh 2025 в X
Фото: MahaKumbh 2025 в X
Дәстүрді орындау үшін азаматтар кезегін күтіп тұрған сәтте қоршау сынып кеткен.

Үндістанда діни мереке кезінде 15 адам қаза болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, марқұмдар көпшіліктің ортасында қысылып, тапталып қалған.

Одан бөлек тағы бірнеше азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 12 жылда бір рет атап өтетін "Кумбха Мела" фестивалі Ганг және Ямуна өзендерінің түйісетін аумағында ұйымдастырылған.

Бұл жолы мерекеге елдің әр түкпірінен миллиондаған адам келіпті. Рәсім бойынша дінге сенушілер өзен суына шомылуға тиіс.

Дәстүрді орындау үшін азаматтар кезегін күтіп тұрған сәтте қоршау сынып кеткен. Содан қарбалас басталып, біраз адам аяқ астында қалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз