Күләш Байсейітова атындағы университеттің ректоры ауысты

Ғалым Ахмедьяров. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайты
Ғалым Ахмедьяров. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайты
Ол бұған дейін "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры болды.

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры болып Ғалым Ахмедьяров тағайындалды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ғалым Ахмедьяров Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Бұған дейін "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының директоры (2016–2025) қызметін атқарған, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болған, "Қазақ әуендерін" басқарған, сондай-ақ Республикалық ұлан Президенттік оркестрінің солисі және ансамбль жетекшісі ретінде жұмыс істеген. 

Ғалым Ахмедьяровқа дейін Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры міндетін профессор Раушан Нұртаза атқарып келді. 


Оқи отырыңыз: "Хабар" және El arna телеарналары бірігеді


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау