Елордада 90 мыңға жуық 12 жастан асқан бала, жүктілігі үшінші триместр шамасындағы 16 мыңға жуық әйел бар.
Pfizer екпесін жүктіліктің тек үшінші триместрінде салуға болатындықтан, оны жүкті емес әйелдер алдап салдыруы мүмкін емес, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
"Өткен жылы ПТР-тест арқылы коронавирус диагнозы расталған 652 адам көз жұмды. Биылғы 9 ай ішінде 1 681 адам қайтыс болды. Осылардың ішінде коронавирус диагнозынан көз жұмған балалар жоқ. Қайтыс болғандар арасында коронавирус ПТР-тест арқылы анықталғанымен, олардың өзінің басқа да созылмалы ауруы болған. Мұнымен қатар, көз жұмғандардың ішінде екі жүкті әйел бар", – деді Тимур Мұратов.
Жалпы 2 062 жүкті әйел Covid-19 жұқтырып, олардың 859-ы ауруханада жатып ем алған. Сондай-ақ, 13 мыңға жуық баланың коронавирустан емделіп шыққаны белгілі болды.
Бұдан өзге елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Pfizer екпесін жүкті емес әйелдердің алдап салдыруы мүмкін еместігіне тоқталды. Өйткені, оны әйелдер жүктіліктің тек ІІІ триместрінде ғана салдыра алады.
"Әрине, бұл денсаулық сақтау министрлігінің еншісіндегі мәселе. Жуырда Pfizer екпесін салу тәртібі нақты қалай жүзеге асатыны туралы құжат жарияланады деп ойлаймын. Pfizer өндірушісінің нұсқаулығында оның 12 жастан асқан балалар мен жүктіліктің үшінші триместріндегі әйелдерге қолданылуы мүмкін екені туралы жазылған. Меніңше, бұл триместрде әйел адам қандай да бір жолмен өзін жалған жүктімін деп көрсете алмайды. Бұл – өте үлкен мерзім. Денсаулық сақтау министрлігі қандай мөлшерде қанша адамға салу керегін шешкенде мұны жүзеге асыруға дайынбыз. Бұл жұмыс орталықтандырылады деп түсінемін. Олар арнайы салқындататын жабдықтармен қамтиды, ал біз өз кезегімізде оны халыққа жеткізуге тырысамыз", – деді Тимур Маратов.
Мұнымен қатар, ол Pfizer екпесін салдыруға қатысты жемқорлық орын алмайтынына сенімді екенін және процесс жіті бақылауда болатынын айтып сендірді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-