Тікелей эфир

"Коронавирус жас талғап жатқан жоқ". Қазақстанда вирустың қандай штамдары таралған?

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 313 551 жетті.  

Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана Baq.kz ақпарат агенттігінің "Желмая" жобасында айналымда жүрген коронавирус инфекциясының штамдары жайлы баяндады.

"Коронавирус инфекциясы жас талғамайды. Азаматтарымыз жас ерекшелігіне қарамастан ауырып жатыр. Ішінде балалар да, жасөспірімдер мен жастар да, үлкендер де бар. Елімізде айналымда жүріп жатқан штамдардың ең көбі – "Стелс-Омикрон", сонымен бірге "Омикрон". Аздаған мөлшерде "Дельта" штамы айналымда жүр", – деді Ержан Байтана.

15 шілдедегі мәлімет бойынша, 5 483 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр: 588 науқас стационарда, 4 895 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 16 адамның жағдайы ауыр, 2 науқастың жағдайы өте ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Оқи отырыңыз: Тоқаев коронавирусқа қатысты шектеу енгізу туралы: Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал


Кеше коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 257 адам тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 313 551 жетті.  

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары