
Бүгін Шымкент қаласындағы корей этносының мәдениеті күні іс-шарасы өтті.
Жиынға қалалық ҚХА мүшелері, зиялы қауым өкілдері, корей этникалық қауымдастығының өкілдері, қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшелері, қала тұрғындары қатысты.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов шаhардағы корейлер қауымдастығы барлық саланың дамуына өз үлестерін қосып жатқанын атап өтті.
– Биыл корейлердің Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударғанына 85 жыл толып отыр. Зұлмат жылдары корейлердің 8 мыңға жуық отбасын оңтүстік өлкесі қабылдады. 85-жылдық кезең ішінде корейлер қауымдастығы Қазақстанның ғылымы мен білімінде, мәдениетінде, өнері мен әдебиетінде, денсаулық сақтау жүйесінде, спорт саласында жарқын із қалдырды. Шымкент қаласындағы корейлер қауымдастығының белді өкілдері қаламыздың сәулетін арттыруға, білімін көтеруге, ғылымын қалыптастыруға, мәдениеті мен өнерін ілгерілетуге, тұрғындардың денсаулығын сақтауға, спортта алдыңғы орыннан көрінуіне қызмет етуде, – деді басқарма басшысы.
Осыдан 33 жыл бұрын қаламызда корей этномәдени бірлестігі құрылып, оңтүстік өлкедегі 50 мыңға жуық корей этносы өкілдерінің басын біріктірді.
Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак қауымдастық өкілдері еліміздің дамуына бар күш-жігерін салып жатқанын айта келе, қазақ халқына алғысын жеткізді.
Мерекелік жиында еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуына, ішкі тұрақтылықты сақтауға үлес қосқан қауымдастық өкілдері Шымкент қаласы әкімінің, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шарада корей этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдар әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.
"Шымкент келбеті"
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
372
-
0
-
1
-
-
2👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
298
-
0
-
0
-
-
3🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
289
-
1
-
2
-
-
4🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
293
-
0
-
0
-
-
5🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
290
-
0
-
0
-
-
6🔠 Түркі елдеріне ортақ әліпби: Қазақстан ғалымдары бұған не дейді?
-
282
-
0
-
3
-
-
7📝 Тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдаған Торанғалық ауылы таратылмақ
-
307
-
0
-
0
-
-
8🇨🇳 Сыртқы істер министрлігі: Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі
-
348
-
0
-
2
-
-
9🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
315
-
0
-
0
-
-
10🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
293
-
0
-
4
-