Конституциялық реформа: Қазақстанда вице-президентке қандай міндет жүктеледі

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Вице-президент саяси қызметпен айналыса алмайды.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстандағы вице-президент лауазымына қойылатын шектеулер мен талаптарды таныстырды.

Министрдің айтуынша, вице-президент өкілді органның депутаты бола алмайды, басқа да ақылы лауазымдарды атқара алмайды, кәсіпкерлікпен айналыса алмайды және саяси партиялардың мүшесі бола алмайды. Бұл шектеулер Конституцияда белгіленген талаптарға сәйкес келеді және лауазымның саясиланбаған, кәсіби сипатта болуына бағытталған.

"Вице-президент мемлекет басшысының тапсырмасымен елдің сыртқы өкілдігін қамтамасыз етуге, негізгі мемлекеттік институттармен өзара іс-қимыл жасауға, сонымен қатар азаматтық қоғаммен, ғылыми, мәдени және сараптамалық қауымдастықтармен диалогты дамытуға міндетті. Бұл өкілеттіктер негізгі сипатта болып, қажет болған жағдайда президент тарапынан нақтылануы мүмкін", – деді Ерлан Сәрсембаев.

 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз