"Көміртегі деңгейі нормадан асып кеткен". Алматы-2 вокзалында ауа сапасы сын көтермей тұр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Экологтар Алматы-2 вокзалының аумағында заңбұзушылықтарды анықтады.

Алматы қаласындағы Алматы-2 вокзалы аумағында локомотивтердің шығарындыларынан ластаушы заттардың шамадан тыс жоғары екені анықталды. "Eco Almaty" ЖШС-нің мобильді экологиялық зертханасы қалалық табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп теміржол көлігінің ауаға тарайтын зиянды заттарына мониторинг жүргізген.

Тексеру барысында локомотивтердің шығарындылары өлшеніп, бірқатар көрсеткіштердің белгіленген нормадан асқаны тіркелді. Атап айтқанда, көміртегі оксидінің (CO) концентрациясы 17,45-ке жеткен. Ал бір реттік шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) – 5,0. Яғни көрсеткіш шамамен 3,5 есеге жоғары.

"Сонымен қатар күйе (қара көміртегі) деңгейі де нормадан асып кеткен. Өлшеу нәтижесі бойынша оның концентрациясы 0,528 мг/м³ болса, рұқсат етілген шекті мөлшері – 0,15 мг/м³. Бұл да шамамен 3,5 еселік артық көрсеткіш", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, анықталған деректер бойынша тиісті ақпарат Алматы қаласының Экология департаменті мен табиғатты қорғау прокуратурасына жолданған. Құзырлы органдар бұл фактілерді қарап, қажет шара қабылдауға тиіс.

Экологтар мұндай тексерулер тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті. Бұл жұмыстар атмосфералық ауаның сапасын бақылауға және ластану көздерін дер кезінде анықтауға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз