USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.61 / 6.75
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Көлсай көлдері" ұлттық паркінде аю мен қонжығы камераға түсіп қалды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
"Көлсай көлдері" ұлттық паркіне қарасты Күрметі орманшылығының Жымбы сайында аю мен оның қонжығы орманшы көмекшісінің көзіне түсті.

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ерекше әрі сирек кездесетін сәт таспаға жазылды. Қорық аумағындағы Жымбы сайында аю мен оның қонжығы серуендеп жүрген жерінен анықталды.

Ұлттық парктің Күрметі орманшылығына қарасты Жымбы сайындағы қорымнан орманшының көмекшісі аю мен қонжығын байқап қалған. Ол бұл ғажайып көріністі бірден бейнетаспаға түсіріп алды.

"Табиғаттың тамаша көрінісі ұлттық парк аумағындағы жануарлар дүниесінің байлығын тағы бір мәрте айғақтай түсті", – деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Бұл оқиға жануарлар әлеміне бай ұлттық парктің табиғи ортасы жабайы аңдар үшін қаншалықты қауіпсіз әрі қолайлы екенін тағы да дәлелдеп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз