
2025 жылғы 28 сәуірден бастап Қостанай мен Денисовка арасындағы 151 шақырымдық жол учаскесі ақылы болады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің бұйрығында айтылған, деп жазды Kolesa.kz.
Енді бұл бағытта жүретін жеңіл көлік, жүк көлігі және автобустар жүргізушілері жол жүру үшін ақы төлеуі тиіс.
Бір бағыттағы жол ақысы жеңіл автокөліктер үшін:
- кейін төлеу – 130 теңге,
- алдын ала төлеу – 110 теңге;
16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін:
- кейін төлеу – 1040 теңге,
- алдын ала төлеу – 880 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі көліктер үшін:
- кейін төлеу – 2100 теңге,
- алдын ала төлеу – 1780 теңге;
32 орыннан асатын автобустар мен автопоездардың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі көліктер үшін:
- кейін төлеу – 3150 теңге,
- алдын ала төлеу – 2680 теңге;
жүк көтергіштігі 10-15 тонна аралығындағы көліктер үшін:
- кейін төлеу – 4200 теңге,
- алдын ала төлеу – 3570 теңге;
15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркемесі бар жүк көліктері үшін:
- кейін төлеу – 5240 теңге,
- алдын ала төлеу – 4450 теңге.
Сондай-ақ, жеңіл көліктер үшін жылдық абонемент қарастырылған. Оның құны 1 айлық есептік көрсеткішке (2025 жылы 1 АЕК – 3932 теңге) тең. Ал жүк көліктері мен автобустар үшін айлық және жылдық абонементтер құны 1-ден 100 АЕК-ке дейін болады.