Көктайғақ және тұман: Қазақстанда 16 қазанда ауа райы қандай болады

Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері, 16 қазан сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, түнде ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде шығыста, оңтүстікте, елдің орталығында қар күтіледі.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде жел күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. ҚР орталығында қарлы боран, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көктайғақ болжанады.

Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз