5 наурыз күні Қазақстанның 16 өңірінде, соның ішінде Алматы қаласында қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Бірқатар аймақта қар мен жаңбыр, боран, көктайғақ, екпінді жел және тұман күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Ақмола облысы аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетау қаласында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қар, боран және көктайғақ болжанып отыр. Батыс бөлігінде тұман түседі. Петропавл қаласында да осындай ауа райы сақталады.
Қостанай облысы өңірінің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Қостанай қаласында да ауа райы осыған ұқсас болады.
Павлодар облысы түнде қар мен жаяу бұрқасын, ал күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Павлодар қаласында күндіз көктайғақ болады.
Қарағанды облысы батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Қарағанды қаласында күндіз қар жауады.
Ұлытау облысы түнде қар жауып, күндіз көктайғақ болады. Жезқазған қаласында да күндіз көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында қар, жаяу бұрқасын және тұман болжанады.
Абай облысы түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын және көктайғақ күтіледі.
Алматы облысы оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын, тауда қалың қар жауады. Қонаев қаласында тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Алматы қаласында кей уақытта тұман мен көктайғақ болады. Ал Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде күндіз қалың қар жаууы мүмкін.
Жамбыл облысы аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі. Тараз қаласында да осындай ауа райы болады.
Түркістан облысы таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын болжанып отыр. Өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі сақталады.
Қызылорда облысы солтүстігі мен орталығында тұман және көктайғақ болады. Қызылорда қаласында да тұман түседі.
Ақтөбе облысы кей жерлерінде жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қаласында көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысы түнде аздаған қар, күндіз жаңбыр мен қар, боран және көктайғақ болжанады. Орал қаласында да тұман мен көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысы кей аумақтарында көктайғақ пен тұман болады.
Атырау облысы аумағында тұман, көктайғақ, ал кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
USD:
460.1 / 462.7
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.95 / 6.07