Көкшетауда ит тістеп алған әйел ауруханаға түсті. Ол дәрігерлердің бақылауында

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Науқасқа құтыруға қарсы вакцина салынды.

Көкшетау қаласында жүктіліктің 34-аптасында жүрген әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасады. Қаладағы көпбейінді облыстық аурухананың мәліметінше, қазір оған құтыруға қарсы вакцина салынып, дәрігерлер ана мен ұрықтың жағдайын бақылауға алды. 

"Оқиға 16 сәуірде сағат 12:30 шамасында болған. Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың қабылдау бөліміне Х. есімді әйел оң жақ балтырындағы тістелген жара және ауырсыну шағымымен жүгінді. Науқастың айтуынша, жарақат ауруханаға келгенге дейін шамамен 30 минут бұрын қаңғыбас иттер тобының шабуылы салдарынан алынған. Дәрігерлік тексеру барысында оң жақ балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің артқы бетінде ұзындығы 5 сантиметрге дейін жететін тістелген жаралар анықталған. Оған "оң жақ балтырдың тістелген жаралары" диагнозы қойылды", – делінген аурухананың ақпаратында.

Медицина қызметкерлері науқасқа шұғыл түрде алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіп, жараға майлы таңғыш салған. Сонымен қатар, алдын алу мақсатында әйелге құтыруға қарсы антирабиялық "Рабивакс" вакцинасы, сіреспеге қарсы сарысу және сіреспе мен дифтерияға қарсы АДС-М вакцинасы енгізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, жүктілікті ескере отырып, негізгі міндет – оның әрі қарайғы ағымын тұрақты бақылау. Бұл бақылау әйелдің диспансерлік есепте тұрған медициналық ұйымы арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда әйел мен құрсақтағы баланың жағдайы күшейтілген медициналық бақылауда.

Бұған дейін Ақмола облысының Қосшы қаласында да ит әйелді талап тастаған болатын. Одан бөлек, ақпан айында Алматы облысында он шақты ит әйелге тап берген. 

Еске сала кетейік, бұған дейін соңғы бір жылдың ішінде 41 366 адамды ит қапты. Оның ішінде 23 134 адам бұралқы иттердің шабуылынан зардап шеккен. 

Бүгінде Мәжілісте бұралқы иттерге қатысты заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасын таныстырған депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстанда бұралқы иттерді кемінде 5 күн ұстау ұсынды. Сондай-ақ депутаттар қаңғыбас жануарларды аулау мен стерилизациялауға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына күмән келтіріп, құзырлы органдардан жекеменшік паналардың қызметін тексеруді талап етті.  

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз