Көкшетау тауында адасып кеткен жеті адам құтқарылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Көмек туралы дабыл алған ТЖМ қызметкерлері тез арада оқиға орнына шықты.

Көкшетау тауында адасып кеткен жеті адам құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"30 маусымда күндіз Ақмола облысы Бурабай ауданында 7 адамнан оның ішінде 6 баладан тұратын отбасы,  теңіз деңгейінен 920 метр биіктікте орналасқан тауның шыңына көтеріліп, түсу кезінде адасып кетті", – деп жазылған хабарламада.

Түсу кезінде қиындық туындады: тік еңіс жерлер мен шаршау өз бетінше қайтуға мүмкіндік бермеген. Көмек туралы дабыл алған ТЖМ қызметкерлері тез арада оқиға орнына шықты.

Құтқарушылардың кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында барлық топ биіктіктен түсірілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау