"Көйлек пен көлік жарысы". Ринат Зайытов мектеп бітіру кештерін заңмен тоқтатуды ұсынды

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс
Депутаттың пікірінше, мұндай кештерді заңмен қатаң реттеу қажет.

Ринат Зайытов мектеп бітіру кештерін өткізуді заңмен тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы депутат Мәжіліс кулуарында Информбюро тілшісінің сауалына берген жауабында айтты.

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештерін мектептен тыс жерде өткізуге тыйым салған. Осыған қарамастан оқу жылының соңында мейрамханалар бос емес - барлығы брондалып қойылған. 

Депутаттың пікірінше, мұндай кештерді заңмен қатаң реттеу қажет. Себебі олар оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді.

"Мектеп бітіру кештері түлектердің психологиясына әртүрлі әсер етеді. Кейде бәрі көйлек пен көлік жарысына айналып кетеді. Біреулердің ата-анасының оған шамасы жетпейді, тіпті несие алуға мәжбүр болатындар бар. Сондықтан мұндай тәжірибені тоқтату керек деп ойлаймын", – деді ол.

Ринат Зайытов бұл мәселені заңнамалық деңгейде қарастыру қажеттігін атап өтті.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз