Жаңа тәртіп 11 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қайта басқарғаны үшін жаңа құқық бұзушылық енгізілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы қаласы әкімшілік полициясының мәліметінше, көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қайта басқарғаны үшін жаңа құқық бұзушылық енгізілді.
ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-1-бөлігінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі шара көзделген, мәселені қарау соттарға жүктеледі.
"Сонымен қатар, жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түріндегі жаза алынып, 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу енгізілуде. Алғаш рет көлік құралын тоқтату туралы заң талабын орындамағаны үшін айыппұл 40 АЕК-ге дейін көтеріледі және әкімшілік жаза түріндегі баламалы жазаны енгізе отырып, 3 тәулікке дейін қамауға алу құзыретін соттардың қарауына береді", – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейтқұлов.
Оқи отырыңыз: Айыппұлды көбейту жол-көлік апаттарын азайта ма? Заңгер пікірі
Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін баптың санкциясынан "ескерту" алынып тасталды, айыппұл 30 АЕК-ге дейін өсті және 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу мерзімі белгіленді. Мұндай әрекетті қайталап жасағаны үшін 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.
Әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдарға қатысты айыппұл 50 АЕК-ге дейін өсті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
262
-
0
-
4
-
-
2😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
260
-
1
-
7
-
-
3💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
232
-
0
-
2
-
-
4💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
233
-
1
-
5
-
-
5👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
230
-
0
-
4
-
-
6🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
236
-
0
-
5
-
-
7💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
286
-
0
-
5
-
-
8😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
317
-
0
-
4
-
-
9🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
312
-
2
-
5
-
-
10😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
239
-
0
-
6
-