USD: 473.9 / 476.5
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +17C
Все города

Клиенттердің атына миллиондаған теңге несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қарағанды облысының Саран қаласында 23 жастағы банк менеджері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Тергеу мәліметінше, ол клиенттердің атына сұралған сомадан әлдеқайда көп мөлшерде несие рәсімдеп отырған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қызметтік өкілеттігін пайдаланып, банк клиенттерінің атына олардың келісімінсіз немесе сұратқан сомасынан әлдеқайда көп көлемде несие рәсімдеген.

Салдарынан жәбірленушілер өздерінің миллиондаған теңге көлеміндегі қарызы бар екенін тек біраз уақыт өткен соң ғана білген. Қазір полицияға төрт адам арызданған. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген жалпы материалдық шығын 6,9 миллион теңгеден асады, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеушілер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Полиция азаматтарға несие рәсімдеу кезінде құжаттарды мұқият оқып, қарыз сомасын міндетті түрде тексеруге кеңес берді. Сондай-ақ құқық қорғау органдары ұялы телефонды, банк қосымшаларын және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау