Тікелей эфир

Кімдер куәлік пен төлқұжат алғанда мемлекеттік баж салығынан босатылады?

Мемлекеттік баж салығын қателесіп төлегендер оны қайтара алады.

ҚР салық кодексіне сәйкес, халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттандыру қызметін алу кезінде клиенттердің белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының баспасөз қызметі.                              

Құжаттандыру қызметтерінің қатарында паспорт, жеке куәлік, тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру бар.

622-бап, 4-тармақ бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылатындар:

  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • кеңес одағының батырлары және социалистік еңбек ерлері;
  • барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;
  • мүгедектер мен қарттарға арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
  • жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

Оқи отырыңыз: 1 наурыздан салық төлеуші паспорты міндеттеледі. Оны қайдан және қалай алуға болады?


"Бұл санаттағы тұлғалар паспорт немесе жеке куәлік алу үшін ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік баж төлемеуі тиіс. Егер сіз жеңілдік санатының өкілі бола тұрып, мемлекеттік баж салығын қателесіп төлесеңіз, бұл жағдайда ақшаңызды қайтара аласыз. Ол үшін, ең алдымен, ІІМ аумақтық органына жүгініп, жеңілдік санатын растайтын құжатты ұсыну қажет. Орган сізге төленген түбіртектің талап етілмегені туралы анықтама береді. Бұл анықтамамен ХҚКО-ға жүгіну керек немесе сомманы қайтару үшін eGov арқылы өтінім беру қажет. Өтініш қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде клиенттің шотына қате төленген сомма түседі", – делінген хабарламада. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары